23 миллион теңге жымқырған қылмыскер Қазақстанға жеткізілді

806

23 миллион теңге жымқырған қылмыскер Қазақстанға жеткізілді

Бүгін бас прокуратура қызметкерлерінің Қазақстан интерполымен бірлесе жүргізген жұмысының нәтижесінде Украинадан қылмыстық жауаптылыққа тартылу үшін Қайрат Оразбеков экстрадицияланды, деп хабарлайды ҚР бас прокуратураның баспасөз қызметі. 

Астана қаласының ІІД Қайрат Оразбековты 2016 жылы алдын ала сөз байласқан топ құрамында ұрлық жасағаны үшін іздестірді. Келтірілген залалдың көлемі 23 млн тенгеден астам.

Күдікті қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органынан жасырынған. Осыған байланысты оған қатысты халықаралық іздеу жарияланды.

Украинадан экстрадицияланған Оразбеков Астана қаласының тергеу изоляторына жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу