23 наурыздан бастап Астанада Қазақстан анимациясының апталығы өтеді

80

Ұлыстың ұлы күніне орай үздік отандық мультфильмдер тегін көрсетіледі. 

23 наурыздан бастап Астанада Қазақстан анимациясының апталығы өтеді Фото: el.kz

Бұл туралы Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясының "Қазақанимация" шығармашылық бірлестігі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Наурыз мерекесіне орай үздік отандық мультфильмдер көрермендерге тегін жол тартпақшы. Көрсетілімдер 23-27 наурыз аралығында ұйымдастырылады.

Отандық мульфилмдерді кішкентай көрермендер төмендегі кинотеатрлардан тамашалай алады:

• Астана: Ұлттық әскери-патриоттық орталығы және "Арсенал" кинотеатры.

• Қарағанды: "Сарыжайлау" кинотеатры.

Бағдарламада:

• 2025 жылғы жаңа мультфильмдер мен "алтын қордағы" туындылар.

• Мемлекеттік тілдегі сапалы анимация.

• Шеткі гарнизондардағы (Семей, Отар, Сарыөзек) әскери қызметшілердің балаларына арналған арнайы көрсетілімдер.

Анимация апталығының ашылу салтанаты 23 наурыз күні сағат 12:00-де Ұлттық әскери-патриоттық орталығында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу