23 отандық өндірушімен ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойылды

794

23 отандық өндірушімен ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойылды

Бірыңғай дистрибьютор "СҚ-Фармация" 23 отандық өндірушілермен ұзақ мерзімді келісімшарттарға қол қойды, деп хабарлайды ҚР денсаулық сақтау министрлігі.

523 дәрі-дәрмек атаулары және 389 медбұйым атаулары бойынша 2 тамыз күні бірыңғай дистрибьютор "СҚ-Фармация" және 23 отандық өндірушілер арасында ұзақ мерзімді келісімшарттар жасалды.

Енді, өндірілген өнімге онжылдық кепілдендірілген өткізу нарығы арқасында фармөндірушілердің инвестициялар тартуға мүмкінгі бар және бес жыл бойы GMP тиісті өндірістік тәжірибе стандарттарына сай жаңа өндіріс ашуға немесе қолданыстағы өндірісті жаңғыртға қол жеткізеді.

Ұзақ мерзімді жеткізу шарттарын жасасатын компаниялар Бірыңғай дистрибьютормен ағымдағы жылдың 11 сәуірінен бастап өткізілген ашық байқаудың нәтижесінде таңдалып алынды. Байқау нәтижелері өткен аптада анықталып, 2017 жылдың 26 шілдесінде "СҚ-Фармация" ЖШС http://www.sk-pharmacy.kz. интернет-ресурсында жариялады.

Байқауға 772 дәрілік заттардың атаулары және 1367 медбұйымдар атаулары жарияланды. Байқаудың аясында 44 әлеуетті өнім берушілерден 48 өтінім қаралған болатын.

Бизнес-жоспармен ұсынылған өзінің салалық қорытындысын және техникалық-экономикалық негіздемеге әрбір өтінімін ҚР Инвестициялар және даму министрлігі ұсынды. Үміткерлерді бағалау кезіндегі негізгі критерийлері жобаның зерттелу дәрежесі, қаржыландыру көздері, инфрақұрылыммен және жер телімімен қамтамасыз етілуі болып табылады.

Бірыңғай дистрибьютордың Басқарма төрағасы Максим Касаткиннің айтуы бойынша, жобаларды іске асыруға компанияларға бес жыл беріледі, содан кейін өндірушілер Бірыңғай дистрибьютор арқылы елдің ауруханаларына отандық сапалы дәрі-дәрмек және медбұйымдарды жеткізуді бастаулары тиіс.

 "Тұтынушының көзқарасы бойынша шетелдік дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды кіргізу, әрине, қымбатқа түседі. Одан бөлек, мемлекеттік органдардағы рәсімдер, кедендік рәсімдер арқылы оларды кіргізу жөніндегі сертификаттар, өнімнің импорты белгілі бір уақытты алады. Сондықтан, отандық өндірісті дамыта отырып, біз тұрғындардың отандық препараттарға тиімді қол жеткізуін қамтамасыз етеміз", - деп қосты Максим Касаткин. 

"СҚ-Фармация" басшысының айтуынша, қазіргі уақытта Бірыңғай дистрибьюторда 553 дәрілік заттардың атауларын және 213 медициналық мақсаттағы бұйымдар атауларын жеткізуге ұзақ мерзімді 30 шарт қолданыста бар. Отандық ауруханаларға қазірдің өзінде 137 дәрі-дәрмек және 152 медбұйымдар атаулары жеткізілу үстінде. Мұндай ұзақ мерзімді кепілдендірілген өткізу нарығы елдің фармацевтикалық саласына маңызды шетелдік фармөндірушілермен қатар ірі инвесторларды тартуға да мүмкіндік берді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта отандық фармөнім Қазақстанның фармацевтикалық нарығының шамамен 11 пайызын жабады. Сол уақытта, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша, ұлттық дәрі-дәрмек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өзіндік фармацевтикалық өндіріс кемінде 30%-ды құрау керек. Осылайша, ұзақ мерзімді жеткізу шарттарын жасасу Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік арттыруға септігін тигізеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу