23 тамызда елорда да қоғамдық көлік жұмысы уақытша тоқтатылады

716

Сенбі, 22 тамызда қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді. 

23 тамызда елорда да қоғамдық көлік жұмысы уақытша тоқтатылады Фото: astana.gov.kz

Жексенбі, 23 тамызда Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қоғамдық көлік жұмысы уақытша тоқтатылады. Қауіпсіздікті сақтау мақсатында автобустар мен автопарктарда ауқымды дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

Сенбі, 22 тамызда қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді. Еске сала кетейік, жүргізушілер соңғы аялдамаларда ылғалды тазалау жүргізеді.

Автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Қоғамдық көлікке алдыңғы есік арқылы кіру керек. Жол жүру ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді - карта, SMS, QR-код.

24 тамыздан бастап қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу