23 жасқа толған жүргізушілер енді "Тb" және "D" санаттарын ала алады

147

Сондай-ақ жүргізушінің жұмыс өтілі 3 жылға дейін қысқартылды. 

23 жасқа толған жүргізушілер енді  "Тb" және "D" санаттарын ала алады Фото: колеса

Бүгін сенатта электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту мәселелері заң шеңберінде қарастырылды, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

"Тb" және "D" санаттарының жүргізушілеріне жоғары сұраныс мәселесін шешу мақсатында автокөлік құралдарын басқаруға рұқсат беру үшін талаптар 23 жастан басталатын болып жеңілдетілді, сондай-ақ жүргізушінің жұмыс өтілі 3 жылға дейін, "D1" кіші санатына кемінде бір жылға дейін қысқартылды, делінген заңның қорытындысында.

Заңмен азаматтардың жеңілдікті санаттарын көлік құралдарының орынтұрағын пайдаланғаны үшін төлемақыдан босату ұсынылады: Ұлы Отан соғысының ардагерлері, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, еңбек ардагерлері, І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар: мүгедектігі бар баланың заңды өкілдері, көп балалы аналар, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтар, электрмобильдердің иелері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу