Павлодарда полицейлер жаңа туған нәрестені сату әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Түркістан облысында 23 жастағы әйел жүктілігінің соңғы кезеңінде әлеуметтік желілер арқылы болашақ сәбиін сатып алатын адамдарды іздеген. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері оның бұл заңсыз әрекетін дер кезінде әшкерелеп, қылмыстық жоспарын толық құжаттап, күдіктіні ұстады. Әйел босанғаннан кейін небәрі үш күндік нәрестені ақшаға бермек болған сәтінде қолға түсті.
"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жаңа туған қыз бала дәрігерлердің бақылауында, оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Тергеу барысында болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Соңғы құқықтық баға заңға сәйкес беріледі", – деді Павлодар облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов мәлімдеді.
Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты тексеріліп, заң аясында тиісті құқықтық баға беріледі.