23 жастағы Атырау тұрғыны көпірден секіріп кетті

491

Әйел адам ТЖД-нің алғашқы медициналық көмек көрсететін қызметкерлеріне тапсырылған.

23 жастағы Атырау тұрғыны көпірден секіріп кетті Фото: pixabay.com

Атыраулық полицейлер көпірден секірген 23 жастағы азаматшаны құтқарды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"26 сәуір күні сағат 15:48 шамасында ЖБО қызметкерлері жаяу жүргіншілер көпірінен секірмекші болған әйел адамды байқап, дереу Патрульдік полиция қызметкерлері мен Балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөліміне бағыттама берген. Суға секіріп өз-өзіне қол жұмсамақ болған 2000 ж.т. азаматшаны полиция қызметкерлері Максим Рахмиденов және Мұратбек Белекен суға секіріп, қайыққа шығарған. Оларға көмекке Нұртай Жұмабаев пен Жеткіншек Иманғалиев келген", - делінген полиция хабарламасында.

Судың қатты ағысына қарамастан полиция қызметкерлері 7 минут ішінде азаматшаның өміріне араша түскен. Әйел адам ТЖД-нің алғашқы медициналық көмек көрсететін қызметкерлеріне тапсырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу