23 жастағы келіншек 6 баланың анасы атанды

744

Жүкті әйелдің денсаулығы сыр беріп, сәбилерін мерзімінен ерте - сегіз айда босанған.  

23 жастағы келіншек 6 баланың анасы атанды

Түркістан облысы,  Сарыағаш ауданы Дербісек ауылының 23 жастағы тұрғыны Еркінай Есенбаева енді 6 баланың анасы. Тұңғышын 18 жасында босанған жас ана №1 облыстық перинаталды орталықта дүниеге үшем алып келді, деп жазады Түркістан  облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Дәрігерлердің айтуынша, жүкті әйелдің денсаулығы сыр беріп, сәбилерін мерзімінен ерте - сегіз айда босанған. Екі ұл мен бір қызды өмірге алып келген жас ана мен нәрестелердің қазіргі жағдайы жақсы және дәрігерлердің арнайы күтімінде. Көп балалы ананың дәрігерлерге айтар алғысы шексіз.

Нәрестелерге Ақжан, Маржан және Бақжан есімдерін берген. Жас отбасының 1 ұл, 2 қызы бар.

Жалпы, Түркістан облыстық нөмірі 1-ші перзентханада биыл 155 егіз және 3 үшем дүниеге келген. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, аймақта туу көрсеткіші де былтырғы жылмен салыстырғанда артқан. Жыл басынан бері өңірде 45030 сәби дүниеге келген.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу