"23 жастағы қыздың өлімі": Экс-полицейге қатысты соттың неге жабық өтіп жатқаны белгілі болды

Осыдан тура бір жыл бұрын Қарағандыда полиция пунктінен әйел адамның мәйіті табылғанын жазған едік.  

"23 жастағы қыздың өлімі": Экс-полицейге қатысты соттың неге жабық өтіп жатқаны белгілі болды Фото: qazaqtimes.com

Бүгін 23 жастағы қыздың қаза болуына байланысты бұрынғы полиция майорының соты басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Экс-полицей "қызметтік міндетін тиісінше орындамады" деп айыпталып отыр.

Жаза кетейік, 2025 жылдың қыркүйегінде учаскелік полиция инспекторының кабинетінде 23 жастағы қыздың денесі табылған. Ал көрші кабинетте 36 жастағы полиция майоры ес-түссіз жатқан. 

Сот отырысы бірден БАҚ өкілдері үшін жабылды. Адвокаттың сөзінше, іс материалдарында интимдік сипаттағы мәліметтер мен жеке хат-хабарлар бар. Сол үшін сот жабық режимде қаралуда. 

Бұған дейін қайтыс болған қыздың анасы мен тәтесі БАҚ өкілдерінің сотқа қатысуын сұраған еді. Марқұмның туған-туыстары бұрынғы полицей өзінің қызметтік жағдайын пайдалануы мүмкін екенін жоққа шығармайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу