23 желтоқсанда Астанада қысқы марафон өтеді

656

Кей көшеде көлік қозғалысы шектеледі.

23 желтоқсанда Астанада қысқы марафон өтеді

​Астанада 23 желтоқсанда Astana Winter Marathon ІІ қысқы марафоны (5, 10, 21 және 42 километр қашықтықта) өтеді, деп хабарлайды деп хабарлайды elorda.info.

Осы спорттық шараға байланысты сағат 08:00 –13:00 аралығында марафонға қатысушылардың жүгіру бағыты бойынша көлік құралдарының қозғалысы толықтай шектелетін болады.

Астананың ПД әкімшілік полиция басқармасы тұрғындарына өз бағыттарын алдын ала жоспарлауын ескертеді (Байтұрсынов көшесі (Қошқарбаев даңғылынан бастап Жүргенов көшесіне дейінгі учаскеде) және Аманжолов көшесімен, Сарыкөл көшесімен және Тәуелсіздік даңғылымен қиылысында).

Сонымен қатар, іс-шараны өткізу кезеңінде Қошқарбаев даңғылы, Нәжімеденов көшесі және Қалдаяқов көшесі бойынша жүк автокөліктерінің қозғалысы толық шектелетін болады.

Қоғамдық көлік жолаушыларының жайлылығы үшін қоғамдық көлік бағыттарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілетін болады (қоғамдық көлік қозғалысы Нәжімеденов көшесі және Қошқарбаев даңғылы бойынша жүзеге асырылатын болады).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу