23 жер қойнауы учаскесі бойынша аукцион өткізілмейтін болды

671

Аукцион тек 17 жер қойнауы учаскесі бойынша өтеді.

23 жер қойнауы учаскесі бойынша аукцион өткізілмейтін болды

2022 жылғы 22 шілдеде сағат 10:00-де электрондық аукциондар операторының сайтында (www.gosreestr.kz) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге электрондық аукцион өтеді, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

2022 жылғы 21 сәуірде электрондық аукционға шығарылған 40 учаскенің 17 учаскесі бойынша аукцион 22 шілдеде өткізілетін болады, ал қалған 23 учаске бойынша "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 99-бабының 1-тармағына сәйкес қатысушылардың ең аз санының болмауына байланысты жер қойнауын пайдалану құқығын беру аукционы өткізілмейді.

40 жер қойнауы учаскесі бойынша қол қою бонусының жалпы бастапқы мөлшері 2,9 млрд теңгені құрады. Аукционға шығарылатын 17 жер қойнауы учаскесі бойынша қол қою бонусының жалпы бастапқы мөлшері 2,3 млрд теңгені құрайды.

Аукционға шығарылатын жер қойнауы учаскелерінің мұнай қоры:

АВС1 санаты (геологиялық/қайта алынатын): 30,1 млн т./ 4,9 млн т.;

C2 санаты (геологиялық/қайта алынатын): 38,5 млн т./ 10,4 млн т.

22 шілдеде аукцион өткізілетін жер қойнауы учаскелері бойынша мұнай қоры:

ABC1 санаты (геологиялық/қайта алынатын): 29,9 млн т./ 4,87 млн т.;

C2 санаты (геологиялық/қайта алынатын): 37,8 млн т./ 10,2 млн т.

Аукционның барысын кез келген адам бақылай алады. Бұл үшін оператор, яғни "Ақпараттық-есептеу орталығы" АҚ жеке ашық аукцион залын құрды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу