23 жолаушыны билетсіз мінгізгені үшін жолсеріктер жазаланды

935

23 жолаушыны билетсіз мінгізгені үшін жолсеріктер жазаланды

ҚР ИДМ көлік комитетінің мамандары сәуір айында өткен жолаушылар пойыздарын тексеру қорытындылары жайлы хабарлады. Онда № 43/44 "Қостанай-Алматы-Қостанай" және № 307/308 "Астана-Жезқазган-Астана" құрамдары тексерілген болатын.

"Қостанай-Алматы-Қостанай" бағыты бойынша жүретін пойызда 23 билетсіз жолаушы тасымалданғаны анықталды. Нәтижесінде 4 вагон жолсерігіне қатысты әкімшілік іс қозғалды. Бұдан бөлек, жолаушыларды, багажды және жүк-багажын тасымалдау ережелері бұзылған. Сонымен бірге, жолаушылар вагонының пойыз электромеханикасы мен жабдықтарындағы өрт дабыл аспаптарында ақау бары анықталды.

"Астана-Жезқазган-Астана" жолаушылар пойызын тексеру кезінде 29 билетсіз жолаушы анықталған. Осыған байланысты пойыз басшысына айыппұл салынды. Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды теміржол көлігімен тасымалдау ережелеріне қатысты пойыз электромеханикасы өрт дабылы аспаптарында ақаулар бары белгілі болды.

Тексерулер нәтижесінде инспекторлар пойыздың жұмысшылары мен тасымалдаушыларына қатысты 12 әкімшілік іс қозғап, жалпы сомасы 228 475 теңге айыппұл салды.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы көлікті бақылау инспекциялары жолаушылар пойыздарына 875 тексеру жүргізіп, 1194 билетсіз жолаушы, 1,9 тонна рәсімделмеген багаж және 3729 жолаушы, багажды және жүк-багажды теміржол көлігімен тасымалдау ережесінің талабы сақталмағаны анықталды. Нәтижесінде 472 әкімшілік іс қозғалып, 4,6 млн теңге айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу