23 жыл бұрын Нью-Йорктегі террористік акт бойынша айыпталушылар өз кінәсін мойындады

168

Олар өлім жазасын өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жеңілдету үшін осындай қадамға барған. 

23 жыл бұрын Нью-Йорктегі террористік акт бойынша айыпталушылар өз кінәсін мойындады Фото: BBC

2001 жылдың 11 қыркүйегінде Нью-Йорктегі террористік актінің үш қатысушысы кінәні мойындауға келісті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Пентагонға сілтеме жасап.

"Кінәні мойындау туралы келісімге қол жеткізілді. Сотқа дейінгі келісім Халид Шейх Мұхаммед, Уәлид Мұхаммед Сали Мүбарак және Мұстафа Ахмед Адам ісі бойынша ұсынылды", — делінген ведомство хабарламасында.

2008 жылы лаңкестік оқиғаға қатысушыларға 11 қыркүйектегі шабуылдар бойынша айып тағылды, олар Гуантанамо түрмесінде ұсталды, делінген хабарламада. Келісімнің егжей-тегжейі әлі жария етілмейді, деп хабарлайды Пентагон.

Америкалық БАҚ-тың хабарлауынша, сотталушылар 2001 жылдың 11 қыркүйегінде Нью-Йорктегі егіз мұнараларға шабуыл жасаған террористерге көмектесті деп айыпталуда.

The New York Times газетінің хабарлауынша, олар өлім жазасын өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жеңілдету үшін осындай қадамға барған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу