230 тоннадан астам өнім кері қайтарылды

664

230 тоннадан астам өнім кері қайтарылды

Карантинге жатқызылған 230 тоннадан астам өнім экспорттаушы мемлекеттерге қайтарылды, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

2017 жылдың қазан айының 21-28 аралығында құжат тексеру барысында Қазақстан Республикасының аумағына жоғарғы фитосанитариялық қаупі бар карантинге жатқызылатын өнімдерді әкелу кезінде Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одағының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалық бұзушылығының 29 фактісі анықталды.

Ресей Федерациясынан әкелінген 14 тонна картоп, 121,03 тонна бидай, 20 текше метр кесілген ағаш дайындамаларының міндетті ілеспе фитосанитариялық сертификаты болмаған.

Ал Қырғыз елінен 20,01 тонна құрма, 22 тонна кептірілген жеміс міндетті ілеспе фитосанитариялық сертификаты болмағандықтан келген жағына қайтарылған. Сонымен қатар 20,01 тонна құрма мен жүзім, 22 тонна кептірілген жемістен Шығыс жеміс жемірі, Комсток сымыры секілді карантиндік объектілер анықталғандықтан ел аумағына кіргізілмеген.
Өзбекстан Республикасынан келген өнімдерден де Шығыс жеміс жемірі мен Комсток сымыры анықталған.
Жоғарыда көрсетілген карантинге жатқызылатын 236,61 тонна және 20 текше метр өнім экспорттаушы мемлекеттердің аумағына қайтарылып, 70 тонна залалды өнім жойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу