232 мың адам баспана кезегінде заңсыз тұр

413

Бүгінге дейін 11 жарым мың адам кезектен шығарылды.

232 мың адам баспана кезегінде заңсыз тұр Фото: inbusiness.kz

Бұл деректерді Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің көмегімен анықтаған. Бүгінге дейін 11 жарым мың адам кезектен шығарылды. Тексеріс барысында талапқа сай еместер тізімі әлі де толығып отырады.

"Тізімдегі 96 мың адамның соңғы 5 жылда үйі болған. Яғни олар осы уақыт ішінде баспана сатып алған немесе мемлекет көмек көрсеткен. Қолданыстағы заң бойынша 5 жылда 1 рет қана мемлекет қолдауын алуға болады. Сондықтан бұл адамдардың кезекте тұруға құқы жоқ. Себебі, шын мәнінде мұқтаж азаматтарға көмек көрсетілуі керек", - деді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу