234 ғалымға 74,8 млн теңге сыйақы берілді

654

Жаңа оқу жылынан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлар құрамының жалақысы өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz жоғары оқу орнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

234 ғалымға 74,8 млн теңге сыйақы берілді

"Оқытушының жалақысы – 38%-ға, аға оқытушының айлығы  – 75%-ға, доценттердің еңбекақысы – 88%-ға, профессордың бір айлық табысы –  163%-ға артты", – деп нақтылады баспасөз қызметі. 

Белгілі болғандай, бұдан былай Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы – 200, аға оқытушы – 280, доценті – 330, профессоры 500 мың теңге жалақы алады. Ал Scopus мәліметтер базасының журналдарында мақала жариялаған авторларға қомақты қаржылай сыйақы төленеді. Бұған қоса республикалық беделді ғылыми танымдық газет-журналдарда мақаласы жарық көрген оқытушыларға жылына 2 рет бонус беріледі. 

"Еңбекақыны өсіру бәсекелестікті арттырып, университетке мықты мамандардың келуіне жол ашады. Сол себепті ҚазҰУ-да жалақының артуымен қатар оқытушы-профессорлар құрамының кәсіби біліктілігін көтеру, талантты жастарға қолдау көрсету жұмыстары жолға қойылып жатыр. Оқытушылық қызметке конкурстық негізде ең білікті әрі білімді мамандар іріктеліп алынады", – деп түсіндірді баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, биыл Scopus деректер базасының халықаралық рейтингтік басылымдарында мақала жариялаған 234 ғалым 74,8 млн теңге көлеміндегі
сыйақыға ие болды. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу