Олар магистратура мен доктарантурада білім алады. Сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік ұйымдарына тағылымдамаға жіберіледі, деп хабарлайды 24.kz.
Стипендия иегерлерінің басым бөлігі Ұлыбританияда оқитын болады.
Айта кетейік, бағдарлама жүзеге асырылғалы еліміз бойынша 11 мыңға жуық маман дайындалған.
2020 жылдан бастап жаңа тәсілдер енгізілмек. Ол конкурстық іріктеуді жүргізу тетіктерін жетілдіруді және автоматтандыруды, оның кезеңдерін қысқартуды, шетелде кадрлар даярлау жөніндегі комиссияның жұмысын оңтайландыруды көздейді.
"20 жылдық тарихта 13836 стипендия тағайындалған. Оның 10 мыңнан астамы түлектер. Олар әртүрлі бағыттарда мамандықтары бойынша ел игілігіне еңбек етіп жатыр",– дейді "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті Айнұр Кәрбозова.