235 мың гектар бос жатқан жер пайдалануға беріледі

871

235 мың гектар бос жатқан жер пайдалануға беріледі

Павлодар облысында соңғы екі жыл ішінде пайдаланылмай тұрған жерлерді ауылшаруашылық айналымға тартуда оң динамика байқалды. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиын барысында жер қатынастары басқармасының басшысы Руслан Дәуітбаев айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі. 

"Облыстағы жердің жалпы аумағы 12 млн 470,5 мың гектарды құрайды, - дейді басқарма басшысы. - Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер 2017 жылы 212,1 мың гектарға немесе 3,7 %-ға ұлғайды және 5 млн 709,8 мың гектарға жетті. Суармалы егістікті талдау соңғы екі жылда оң динамиканы көрсетуде, егер 2016 жылы облыста суармалы жердің жалпы аумағы 72,2 мың гектар болса, 2017 жылы мелиоративтік шараларды іске асыру және суармалы алқап түріне ауыстыру есебінен 2,6 мың гектарға ұлғайды және 74,8 мың аумақты құрады. 2018 жылы қалалар мен аудандардың әкімдерімен жасалған меморандум бойынша, пайдаланылмайтын 235 мың гектар жерді айналымға тарту жоспарда бар. 2018 жылғы бірінші тоқсанда 22,7 мың гектар жер немесе болжамның 10,5% айналымға тартылды. Сонымен қатар, жерлерді ауылшаруашылық айналымына тарту бойынша нәтижелі жұмыстар жасалды. Екі жылдың ішінде 1 млн 124,7 мың гектар, соның ішінде 2017 жылы - 594 мың гектар жер мақсатты қолданысқа берілді".

Руслан Дәуітбаевтың айтуынша, 2018 жылдың 1-қаңтарындағы пайдаланылмайтын жерлердің аумағы 179,2 мың гектарды құрады. Пайдаланылмайтын ауылшаруашылық жерлерге 10 есе жоғарылатылған ставканы қолдану бойынша жұмыстар жүйеленді.

"Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді айналымға тарту үлесін меморандум аясында арттыру керек. Жол картасына сәйкес тыңайған жерлерді тарту бойынша да жоспарлы жұмыстар жасалсын. Елді мекендердің нақты шекараларын орнатуға жобаларды орналастыру үшін қаражат бөлу жүзеге асырылу керек", - деп атап өтті облыс әкімінің бірінші орынбасары Ұлан Жазылбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу