Жамбыл облысында құны 24,5 миллион теңгенің малын ұрлағандар жазасын алды

1318

Сот шешімімен қылмыстық топ басшысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды.  

Жамбыл облысында құны 24,5 миллион теңгенің малын ұрлағандар жазасын алды Фото: polisia.kz

Жамбыл облыстық прокуратурасының үйлестіруімен облыстық ПД криминалдық полиция басқармасы және Талас аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде мал ұрлығын кәсіп еткен топтың әрекеті әшкереленді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Талас аудандық полиция бөліміне тұрғындардан шаруа қожалықтарына тиесілі түйе, жылқы және сиыр малдарын ұрлау фактілері бойынша бірнеше арыз түскен.

Талас пен Мойынқұм аудандарының 42, 48, 33 және 30 жастағы 5 тұрғыны алдын ала сөз байласу арқылы 2024 жылғы ақпаннан бастап бір жылдан астам уақыт бойы жайылымдардан 38 бас түйе, 16 бас жылқы және 1 бас сиырды заңсыз иемденген. Келтірілген материалдық шығын көлемі – 24 млн 550 мың теңге.

Тергеу барысында ұрланған малдың басым бөлігі табылып, иелеріне қайтарылды.

Барлық фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 188-1-бабымен тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, іс сотқа жолданды.

Сот үкімімен қылмысты ұйымдастырушы 7 жылға бас бостандығынан айырылды, ал оның үш сыбайласына 3 жылдан шартты түрде, біреуіне 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу