24 ақпаннан бері Киевте 208 тұрғын үй мен 46 мектеп қирап қалды

886

Қақтығыс басталғалы 7 миллионнан астам украиналық үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

24 ақпаннан бері Киевте 208 тұрғын үй мен 46 мектеп қирап қалды

24 ақпаннан бері Украина астанасы Киев қаласында 208 тұрғын үй мен 46 мектеп қирап қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімшілігіне сілтеме жасап. 

Сондай-ақ 29 балабақша, бір жетімдер үйі, 13 әкімшілік ғимарат, екі спорт нысаны, денсаулық сақтау саласының 17, мәдениет саласы 10, көлік инфрақұрылымы 48 ғимаратына залал келтірілді.

БҰҰ дерегі бойынша, қақтығыс басталғалы Украинаның 7 миллионнан астам азаматы үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Олардың басым бөлігі – басқа елдерге бас сауғалап қашқандар. 

Еске сала кетсек, 24 ақпанда Ресей Президенті Владимир Путин Украинаны "денацификациялау" және "демилитаризациялау" үшін " әскери операция" бастағанын жариялады. БҰҰ-ға мүше елдердің басым бөлігі бұл қадамды  Ресейдің басқыншылығы деп атап, Украинадан әскерді шығаруын талап еткен болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу