24 ақпаннан бері Ресей 38 мың әскерінен айрылды

761

1 672 танк жойылды.

24 ақпаннан бері Ресей 38 мың әскерінен айрылды

24 ақпаннан бері Ресей жеке құрамдағы 38 мың әскерінен айырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Украина қарулы күштері Бас штабының мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

Украиналық әскер РФ-ның 1 672 танкін, 842 артиллериялық жүйесін, 220 ұшағын және 188 тікұшағын жойды. 

15 шілдедегі жағдай бойынша Ресейдің Украинадағы шығындары:
– шамамен 38 000 (+130) адам қаза тапты;
– танктер – 1 672 (+5);
– жауынгерлік броньды машиналар – 3 866 (+14);
– артиллериялық жүйелер – 842 (+2);
– РСЗО – 247;
– әуе шабуылына қарсы күрес құралдары – 109 (+0);
– ұшақтар – 220 (+1);
– тікұшақтар – 188 (+0);
– жедел-тактикалық деңгейдегі ұшқышсыз басқарылатын аппараттар – 681;
– қанатты зымырандар – 155 (+0);
– кемелер / қайықтар – 15 (+0);
– автомобиль техникасы және автоцистерналар – 2 731 (+11);
– арнайы техника – 67 (+0).

Бұған дейін Украина Қорғаныс министрінің орынбасары Анна Маляр "Украина Қарулы Күштерінің шығындары, қаза тапқандар саны туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады, сондықтан "соғыс жағдайында" жария етілмейді" деп мәлімдеген болатын.

Табиғат Нұрболат

Фото: unian.net

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу