24 ақпаннан бері Украина инфрақұрылымының 30%-ы жойылды

587

Шабуылдан әсіресе Мариуполь, Харьков, Чернигов, Северодонецк және Лисичанск қалалары зардап шеккен.

24 ақпаннан бері Украина инфрақұрылымының 30%-ы жойылды

Ресейдің толық ауқымды шабуылының салдарынан Украина инфрақұрылымының 20-30%-ы жойылды.

Бұл туралы Украинаның Инфрақұрылым министрі Александр Кубраков мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz УНИАН агенттігіне сілтеме жасап.

Қақтығыс басталғалы жолдар, көпірлер, порттар, темір жолдар мен әуежайлар қирап қалды.

Министрдің айтуынша, шабуылдан әсіресе Мариуполь, Харьков, Чернигов, Северодонецк және Лисичанск қалалары зардап шеккен.

Осы күнге дейін 320 мың украиналық үйсіз қалды. 25 мамырдағы жағдай бойынша, қирап қалған тұрғын үйлер және ғимараттардың жалпы сомасы 105,5 миллиард доллар болды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Еуропалық Комиссияның вице-президенті Жозеп Боррель Ресейдің Президенті Владимир Путин украин ұлтының идеясын жою үшін Украинаны физикалық түрде жойғысы келетінін айтқан болатын.

Табиғат Нұрболат

Фото: unian.net

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу