24 эпидемиолог тәулік бойы жолаушылар денсаулығын қадағалауда

702

Коронавирус тіркелген елдерден келген транзиттік жолаушылар арнайы аймақтан шығарылмайды.  

24 эпидемиолог тәулік бойы жолаушылар денсаулығын қадағалауда

Алматы халықаралық әуежайында коронавирус тіркелген елдерден келген жолаушылар тәулік бойы бақылауға алынды. Бұл туралы әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова хабарлады. Оның сөзінше әуежайда 24 эпидемиолог тәулік бойы жолаушыларды күтіп алып, дене қызуын өлшейді.

Сонымен қатар коронавирустық инфекция бойынша екінші санатты елдерден келген азаматтардың жағдайын қадағалау тәртібі өзгерді. Бұған дейін жолаушылардың денсаулығын 14 күн бойы  дәрігерлер бақылап, кейін тағы 10 күн бойы телефон арқылы қадағалайтын. Енді дәрігерлер олардың жағдайын тек қоңырау  шалып анықтап отырады.

Бұдан бөлек Әсел Қалықова коронавирус тіркелген елдерден келген транзиттік жолаушылар арнайы аймақтан шығарылмайтынын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу