21 мамыр күні "Прогресс МС-23" жүк кемесі бар "Союз-2.1а" ғарыштық мақсаттағы зымыраны Байқоңыр ғарыш айлағының 31-алаңының ұшыру кешеніне жеткізілді, деп жазады inbusiness.kz www.roscosmos.ru порталына сілтемк жасап.
Зымыран ұшыру кешенінде тік күйінде орнатылғаннан кейін, "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясы кәсіпорындарының мамандары оны ұшыруға дайындықты жалғастырды.
"Прогресс МС-23" жүк кемесі бар "Союз-2.1а" зымыран тасығышын ұшыру 24 мамыр күні Мәскеу уақытымен сағат 15:56-да жоспарланған. Бұл Астана уақытымен 18 сағат 56 минут деген сөз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу