24 мыңнан астам камера жолдағы бұзушылықтарды тіркейді

199

Патрульдік көліктер де арнайы жүйелермен жабдықталған. 

24 мыңнан астам камера жолдағы бұзушылықтарды тіркейді Фото: Profit.kz

Қалаларда жол ережелерін бұзуды тіркейтін 24 мыңнан астам автоматты камера орнатылды. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жолдарда бақылауды күшейту үшін цифрлық шешімдер енгізілуде. Қалаларда жол ережелерін бұзуды тіркейтін 24 мыңнан астам автоматты камера орнатылды. Патрульдік автокөліктерді бұзушылықтарды тіркейтін жүйелерімен жабдықтаудамыз. Бүгін осындай жүйелерді маршруттық автобустар, жедел жәрдем және мемлекеттік автокөліктерге орнату мәселелері пысықталып жатыр. Бұл бастама Президентке баяндалды", - деді Ішкі істер министрі.

Сөзінше, елімізде осындай құрылғылар өндіретін кәсіпорын ашылды.

"Сондықтан әкімдіктер тез арада осы құрылғыларды алу қажет. Бұл жұмыс көлік жүргізу мәдениетін арттыруға, жазаның бұлтартпаушылық принципін қамтамасыз етуге, жолда бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді", - деді Ержан Сәденов.

Айта кету керек, осыған дейін республикалық жолдардың 3%-ы ғана қауіпсіздік талаптарына сай екендігін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу