24 шілдеде көптеген өңірде жаңбыр жауып, дауыл тұрады

366

Бірқатар өңірде нөсер, бұршақ жауып, жел күшейеді, ал батыс пен оңтүстікте аптап ыстық пен өрт қаупі сақталады.    

24 шілдеде көптеген өңірде жаңбыр жауып, дауыл тұрады Фото: caravan.kz

"Қазгидромет" 24 шілдеге арналған дауылды ескерту жариялады. Синоптиктердің болжамынша, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей өңірлерде нөсер жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астана мен Алматыда жаңбыр және найзағай болжанса, Шымкентте өткінші жаңбырмен қатар желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Қатты жауын-шашын, бұршақ пен дауыл Алматы, Жетісу, Павлодар, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл және Түркістан облыстарының жекелеген аудандарында күтіледі. Кей өңірлерде тұман түсіп, желдің екпіні 20–25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Сонымен қатар Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында 35–42 градусқа дейін аптап ыстық сақталады.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның көптеген өңірінде жоғары және төтенше өрт қаупі де сақталады. Оның ішінде Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу