"Әзербайжан астанасында екі ел басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесулері жоспарланып отыр.
Келіссөз барысында сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға баса мән беріле отырып, қазақ-әзербайжан стратегиялық серіктестігін дамыту мәселелері қарастырылады", – делінген хабарламада.
Ақпаратта көрсетілгендей, бұдан бөлек екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылмақ.
Айта кетейік, биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу