24 жыл бұрын жоғалып кеткен ер адам құлдықта жүрген болып шықты

316

Ол 2000 жылы із-түзсіз жоғалып кеткен. 

24 жыл бұрын жоғалып кеткен ер адам құлдықта жүрген болып шықты Фото: 72.ru

Ресейдің Түмен облысында 24 жыл бұрын жоғалып кеткен ер адам табылды. Ол бұған дейін құлдықта жүрген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 72.ru сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Большое Сорокино ауылының тұрғыны мал бағып жүрген ер адамды байқап қалған. Әйел адам құлдықта жүрген адам "тамақ үшін" бірнеше адамға қызмет етіп жүргенін естіген. 

"Сөйлесіп көргім келді. Бірақ ол аса байланысқа шыққысы келмеді. Көршілердің сөзінше, Геннадийді ер адам тасжолда тұрған жерінен алып кеткен. Оны құлдықта ұстап, ұратын көрінеді", - дейді Ирина. 

Иринаның сөзінше, ер адамның есте сақтау қабілеті нашарлау. Адамдармен көп сөйлеспейтін Геннадий қорқып қалған. 

Жергілікті еріктілердің сөзінше, ер адамды қазақстандықтар құлдықта ұстаған. Ол 2000 жылы із-түзсіз жоғалып кеткен. Еріктілер Геннадий туралы ақпаратты әлеуметтік желідегі топтарға таратып, артынша оның ағасы Валерий байланысқа шыққан.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу