24 жылға сотталған Бишімбаев мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін бе?

228

Экс-министрге қатысты сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

24 жылға сотталған Бишімбаев мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін бе? Фото: Жоғарғы сот

Бұл туралы Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Сенат кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қолданыстағы заңнамада шартты түрде мерзімінен бұрын босау мүмкіндігі қарастырылған. Бұл жазасын өтеп жатқан адам жақсы тәртібімен көзге түскен жағдайда мүмкін болады. Ауыр қылмыстарға келсек, шартты түрде мерзімінен босау үшін сотталушы жазаның үштен екі бөлігін өтеуі  тиіс. Шынында да, мұнда жәбірленуші тараптың келісімі қажет. Дегенмен де, бұл соттың айрықша құқығына жатады. Екіншіден, бізге осы іс бойынша үкімнің заңды күшінен енгенін күту керек. Сондықтан да осы сатыда қандай да бір пікір айту әлі ерте", - деді вице-министр тілшілердің сауалына берген жауабында.

Журналистер спикерден түрмеде жазасын өтеп жүрген адам денсаулығына байланысты мерзімінен бұрын ерте шығуы мүмкін бе деп сұрады.

"Бұл да сот шешіміне сәйкес жүзеге асады. Жалпы қылмыстық-атқару жүйесінде медициналық көмек көрсетіледі. Жақында түрмелерде сотталушыларды медициналық көмекпен қамту жүйесі ішкі істер органдарынан шығарылып, денсаулық сақтау министрлігіне берілді", - деп түсіндірді Әділет вице-министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу