Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Мәжіліс кулуарында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев жазасын қай түрмеде өтейтіні әлі белгісіз екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тілшілер ведомство өкілінен "Қуандық Бишімбаев жазасын қай түрмеде өтейтіні анықталды ма?" деп сұрады.
"Ол сот үкіміне шағым түсіріп жатыр. Сол себептен осы жерде (ред. – Астанада) тергеу изоляторында отыр. Әрі қарай белгілі болады", - деді Марат Қожаев.
Журналистер экс-министр қай түрмеге жіберілуі мүмкін деп нақтылады.
"Соңғы су тасқыны жағдайларына байланысты осы санатқа кіретін азаматтар түрлі өңірлерге көшірілген болатын. Сол себептен Бишімбаев осы колонияға барады деп айта алмаймын", - деді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары.