240 млн теңгенің 40 мың дозасы тәркіленді

853

Шикізат – Ресейден, есірткі – Алматыға. 

240 млн теңгенің 40 мың дозасы тәркіленді

Оңтүстік астанамызда ірге жайған қылмыстық топ осындай схемамен есірткі таратып келген. Бұл туралы ІІМ-нің Есірткіге қарсы күрес департаментінің бастығы Тілеген Маткенов айтты.

"Бірнеше күн бұрын ғана ресейлік әріптестерімізбен бірге оңтүстік астанамызда тағы бір зертхананың көзін жойдық. Үш алматылық тұрғын ұсталып, 10 келіге жуық мефедрон тәркіленді. Оның өндірісі қылмыстық топ мүшелерінің бірінің пәтерінде жолға қойылыпты. Шикізатқа шетелден тапсырыс беріп, дайын есірткіні Алматыда таратуды жоспарлаған. Тінту кезінде химиялық реактивтер мен есірткі дайындауға қажет қондырғылар, ауа баптағыш жүйе тәркіленді. Қандай қылмыстың жолы кесілгенін түсінулеріңіз үшін айтайын, тек осы факт бойынша ғана мефедронның 40 мың бір реттік дозасы таратылмай қалды. Олардың құны 240 млн теңге болатын еді", – деді ІІМ өкілі.

Есжан Ботақара 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу