Қазақстанда "әдемі" сандардан тұратын 25.02.2025 күні рекордтық деңгейде неке қиылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы осынау "сәнді күннің" елдің неке қию статистикасына қаншалықты әсер еткенін нақтылап өтті.
– Бұл күні елімізде мыңға жуық отбасы құрылған, бұл әдеттегі күндердегі орташа көрсеткіштен екі есе жоғары. 25 ақпанда еліміздің АХАТ бөлімдерінде нағыз үйлену бумы болды, – делінген хабарламада.
Яғни, мемлекеттік корпорация "әдемі" сандардан тұратын күндегі абсолюттік рекордты Алматы, Астана және Қостанай облысының тұрғындары тіркегенін мәлімдеген. Десе де, Ұлытау, Қызылорда және Жамбыл облыстарындағы ел-жұрт сандардың "сиқырына" ең аз сенетін болып шыққан.
– Әдеттегі күндері Қазақстанда шамамен 500 неке тіркеледі, бұл 2025 жылдың 25 ақпанындағы көрсеткіштен екі есеге аз, – дейді мемлекеттік корпорацияның мамандары.