25 адам коронавирустан көз жұмды

596

ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 11 мамырдағы ақпарат.

25 адам коронавирустан көз жұмды

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың 11 мамырдағы мәліметі бойынша, елімізде 41 094 адам коронавирус инфекциясынан (40 692 КВИ+ және 402 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 15 068 пациент стационарда, 26 026 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

"КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 802 адамның жағдайы ауыр, 186 пациенттің жағдайы өте ауыр, 105 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр",– деп жазылған хабарламада.

Ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерекке тоқталсақ, 9 мамырдағы мәлімет бойынша 7 жаңа жағдай тіркеліп, 5 жағдай өліммен аяқталған, 48 адам жазылып шыққан.

"2020 жылдың 1 тамызынан бастап: науқастар саны – 53 571, өлім жағдайлары - 837, барлығы 52 332 адам сауығып шықты",– дейді ВАК-тан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу