Қостанайда 25 адам улану күдігімен ауруханаға жеткізілді

821

Красногорск боксит кенішінің жұмысшылары астан улануы мүмкін. Қазір барлық асхана шұғыл тексеріліп жатыр.

Қостанайда 25 адам улану күдігімен ауруханаға жеткізілді

"Қазақстан алюминиі" АҚ-ға тиесілі Красногорск боксит кенішінің 25 қызметкері Қостанай облысының Лисаковск қаласының ауруханасына азық-түліктен улану күдігімен жеткізілді, деп хабарлайды Интерфакс.

"Краснооктябрьск боксит кен басқармасына қарасты Красногорск боксит кенішінің 25 қызметкері азық-түліктен уланған деген күдікпен Лисаковск қаласының ауруханасына жеткізілді" - делінген ERG тау-кен және металлургиялық компаниясының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазір жұмысшылар тамақтанған асхана тексеріліп жатыр.  Барлық асханаларда құс және тауық жұмыртқалары мәзірден шығарылады.

"Шикі су ішуге тыйым салынды. Шахта қызметкерлері толықтай бөтелкеленген және қайнаған сумен қамтамасыз етілген", - делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу