25 ақпаннан Dombyra телеарнасы жұмысын бастайды

791

Телеарна жұмысы жеке қаржыландыру есебінен жүргізіледі. 

25 ақпаннан Dombyra телеарнасы жұмысын бастайды

25 ақпаннан бастап Қазақстанда жаңа Dombyra телеарнасы көрсетіле бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат телеарна директоры Қанат Ержігітовке сілтеме жасап.

"Dombyra" телеарнасы  – қазақ халқының  рухани жан серігіне айналған музыкалық төл аспаптарын, дәстүрлі әндері мен ұлттық күйлерін халыққа барынша насихаттайтын жаңа форматтағы телеарна болуды көздейді. Бағдарламалар тәулік бойы қазақ тілінде жүргізіледі. Оның эфирінде отандық өнерпаздардың ән-күй, жырларды көрсетіледі. Аспаптарды үйрену мектебі, қолөнер шеберлері жайлы бағдарламалар түсіріледі", – дейді Қанат Ержігітов.

Оның айтуынша, телеарна жұмысы жеке қаржыландыру есебінен жүргізіледі. 

"Dombyra" телеарнасы Отау ТВ, "IDТV",  YOUTUBE және әлеуметтік желілер арқылы таратылады. Бұл арнаны ауылда да, қалада да тегін тамашалауға болады",  – деді телеарна директоры. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу