25 cәуірде бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

183

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында,орталығында өрт қаупі жоғары.

25 cәуірде бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды Фото: Pixabay.com

25 сәуірде Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Күндіз Жетісу облысының оңтүстік жартысында найзағай ойнап, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, ал Алакөл ауданында 23-28 м/с дейін жетеді. Талдықорғанда күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с.

Ұлытау облысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп болжанады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз өңірдің батысында, солтүстігінде орталығында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Жезқазғанда арасында найзағай ойнап, шығыстан күндіз соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында,орталығында өрт қаупі жоғары.

Түнде Қарағанды облысының батысында, күндіз шығысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, Қарағандыда шығыстан күндіз соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. 

Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады, облыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын болады (жаңбыр, қар жауады). Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, таулы аймақтарында найзағай ойнап, дауыл болады. Күндіз облыстың таулы аудандарында бұршақ түседі деп күтіледі. Өңірдің батысында, оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Алматыда таңертең және күндіз қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, найзағай кезіндегі желдің екпіні 15-20 м/с болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с,  кей тұста 25 м/с дейін жетеді.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында найзағай ойнап, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың орталығында батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Облыстың орталығында, шығысында өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі. Қызылордада күндіз найзағай болады. Өрт қаупі жоғары болады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде 23 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. 

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан  соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан, солтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. 

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с, күндіз 23 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанады. 

Түнде Қостанай облысының оңтүстік-батысында найзағай ойнап, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде де найзағай жарқылдап, күн райы бұзылады. Облыстың шығысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Ақтөбе облысының басым бөлігінде, күндіз шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні - 16 м/с. Ақтөбеде түнде найзағай ойнап, күн райы бұзылады.

Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, таулы аудандарында және тау бөктерінде, күндіз облыс бойынша найзағай ойнап, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Шымкентте де, Түркістанда да найзағай ойнап, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с құрайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу