25 қазан мерекесіне орай эссе жазудан байқау жарияланды

4450

Ұлттық мереке – 25 қазан Республика күні қарсаңында Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен "Менің арманымдағы Қазақстан" тақырыбына эссе жазудан байқау жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

25 қазан мерекесіне орай эссе жазудан байқау жарияланды

Конкурс жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, мемлекеттің жарқын болашағына деген сенімін арттыруға бағытталған.

Байқауға студенттер, магистранттар және қоғамдық жастар ұйымдары қатыса алады.

Эссе байқауына автордың Қазақстанның болашағы мен оның қалыптастырудағы  көзқарасын көрсететін өз бетінше орындалған шығармашылық жұмыстар жіберіледі.

Конкурсқа арналған жұмысты қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде жазуға болады.

Конкурстың бірінші кезеңіне қатысушыларды марапаттау 2022 жылғы 19 қазанда жоғары оқу орындарының базасында өтеді. Байқаудың екінші кезеңіне қатысушыларды марапаттау Астана қаласында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу