25 қазанда Республика күнін мерекелеу туралы заң қабылданды

1122

Түзетулер Президентке қол қоюға жіберілді.

25 қазанда Республика күнін мерекелеу туралы заң қабылданды

Сенат депутаттары кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге енгізілген түзетулерді қабылдады, ол бойынша 25 Қазан ұлттық мереке – республика күні болады, деп жазады inbusiness.kz.

"25 Қазан ұлттық мереке – Республика күні болып бекітіледі. Бұл тарихи, өте маңызды шешім. Біздің еліміздің тәуелсіздігі шын мәнінде осы күннен басталады. Бұл күнді ұлттық мереке ретінде бекіту – мемлекеттілік пен егемендік тұрғысынан алғанда маңызды қадам", – деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

7 қыркүйекте Мәжіліс депутаттары тиісті заң жобасын мақұлдады. Сенат түзетулерді Президенттің қол қоюына жіберді.

Заң сонымен қатар Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастайды. 16 желтоқсан мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күні болып қалады (қазір бұл ұлттық мереке). 

Президент Жарлығынан кейін қазақстандықтар 25 қазан мен 16 желтоқсанда демалады, бірақ 1 желтоқсанда жұмысқа шығады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу