25 кедей мемлекетке көмек беріледі

1085

Халықаралық валюталық қоры қайырымдылық акциясын бастайды.

25 кедей мемлекетке көмек беріледі

Қаржы ұйымы ең кедей деген 25 мемлекеттің экономикалық ахуалын реттеу үшін 6 айға дейін covid-19-ға қарсы барлық шығындарын өтеп бермек. Сондай-ақ, біршама қарыздық жүктемелерін де жеңілдетеді. Бұл жайында Халықаралық валюта қорының бөлім басшысы Кристалин Георгиева мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business. 

Оған траст резервінен 500 млн доллар бөлінбек. Қазір ұйымға Қытай мен Нидерланды қомақты көлемде қаржы бермек.

Бұған дейін Ұлыбритания мен Жапония да қайырылымдылық жасаған. Қаржылай көмек алатын 25 елдің тізімінде: Ауғанстан, Бенин, Буркина-Фасо, Чад, Конго, Гамбия, Гвинея, Гаити, Мадагаскар, Тәжікстан және Йемен бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу