ҚТЖ: 25 күнде 5,1 млн тоннадан астам тас көмір тиелді

828

Қазан айының 25 күні ішінде еліміз тұтынушылары үшін 5,1 млн тоннадан астам тас көмір тиелді, тиеу жоспары 102,2% орындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚТЖ: 25 күнде 5,1 млн тоннадан астам тас көмір тиелді

Оның ішінде еліміздің жылу электр орталықтарына 4,2 млн тонна жеткізіліп, тиеу жоспары 102,3%-ға орындалған.

"Еліміз коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктері үшін 986 мың тоннадан астам қатты отын тиелді. Экспортқа – 2,1 млн тонна. Қазан айында жалпы көмір тиеу 7,3 млн тоннаны құрады", – деп жазылған "ҚТЖ" хабарлмасында.

Қостанай облысына қазан айының 25 күнінде 43 мың тоннадан астам коммуналдық-тұрмыстық көмір немесе 620 ашық вагон жеткізілген. Павлодар облысына тұрғындарға коммуналдық-тұрмыстық көмір жеткізу 36 мың тоннадан астам немесе 515 ашық вагон болды. Қарағанды облысына 128 мың тоннадан астам немесе 1890 жартылай вагон жеткізілген, бұл жоспардың 119%-ы. Қазан айында Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктері үшін 180 мың тоннадан астам көмір тиеу жоспарланған, айдың 25 күнінде 185 мың тоннадан астам тиелген, бұл жоспардың 128%-ы.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу