25 мамыр жыры: қазіргі және бұрынғы министр жауап берді

943

Бұдан былай оқу жылы 31 мамырда аяқталады.

25 мамыр жыры: қазіргі және бұрынғы министр жауап берді Фото: Ашық дереккөзден

25 мамыр. Дәл осы күні жер жерлерде соңғы қоңырау соғылып, оқушылар мектеппен қоштасатын. Бірақ, бұл дәстүр биыл бұзылды және енді оралмайтын түрі бар. Бұдан былай оқу жылы 31 мамырда аяқталады. Бұл мемлекеттік стандарт. Оқу бағдарламасының 34-тен 36 аптаға созылуына қатысты. Ал егер бұрынғы датаны қайтару туралы мәселе көтерілсе, алдымен дұрыс сараптама жүргізілуі тиіс. Әйтпесе, бірден қалпына келтіру басқа өзгерістерге алып келеді,- дейді министр.

"Оны қалыпқа келтіру мәселесі басқа да өзгерістерге алып келеді. Яғни 6 күндік оқу жоспарын алып келеді. Немесе пәндердегі оқу сағаттарының қысқаруына алып келуі мүмкін",- деді ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.  

Негізі бұл шешім Асхат Аймағамбетовтің кезінде қабылданған. Сондықтан бүгін жұрттың экс-министрге айтар уәжі аз емес. Әлеуметтік желі қолданушылары Аймағамбетовке арнап жаппай жазба қалдырып жатыр. Бұрынғы министр болса, негативті пікірді қабылдай білген жөн,- деп есептейді.

"Біздің жұмыста біз тек қана ұнайтын бәрі, қол соғатын сұрақтарды шешімдерді қабылдамауымыз керек. Олай болатын болса, ол тек қана популизм. Біз сонымен қоса, ұнамайтын, мүмкін қазіргі уақытта түсінбейтін бірақ қазір елге жалпы ұлтқа мемлекетке балаларға бұл қажет болатын болса, онда ондай шешімдерді қабылдай білу керек", - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу