25 мамырдан бастап Атыраудан өзге қалаларға әуе рейстері қайта жанданады

731

Қалалар арасындағы рейстер санын әуе компаниялары анықтайды.

25 мамырдан бастап Атыраудан өзге қалаларға әуе рейстері қайта жанданады

Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешіміне сәйкес, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстарын ескере отырып, 2020 жылғы 25 мамырдан бастап Атыраудан республиканың өзге қалаларына бірқатар бағыт бойынша рейстер қайта ашылады.

"Эйр Астана": Атырау–Алматы, Атырау–Нұр-Сұлтан бағыттарына аптасына 7 рейс;

"SCAT": Атырау–Нұр-Сұлтан бағытына аптасына 5 рейс, ал 1-маусымнан бастап – 7 рейспен ұшады.
Атырау – Ақтау бағытында аптасына 7 рейс, ал 1-маусымнан бастап 14 рейс орындайды.

"Qazaq Air": Атырау-Ақтау, Атырау-Ақтөбе, Атырау-Орал бағыттарында аптасына 4 рейстен;
Атырау-Шымкент бағытында аптасына 7 рейс жасайды.

"Fly Arystan" шілдеден бастап Атырау-Шымкент бағытында аптасына 3 рейс орындайды.

Рейстер әуе компаниялардың ресми сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Ұшулар Көліктегі бас санитарлық мемлекеттік дәрігермен бекітілген санитарлық қауіпсіздіктің жоғары шаралар шартында жүзеге асырылады.

Жазғы мерзімде әуе тасымалдарына сұраныстың көбейетінін ескере отырып, қалалар арасында рейстер санын сұраныс пен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-карантиндік шараларын ескере отырып әуе компаниялары анықтайды.

Осылайша, 2020 жылғы 25 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайлары ішкі тұрақты рейстер үшін ашылып, ішкі әуе нарығындағы бағыттардың жандануына ықпал етеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу