Жалпы Алматыда 128 субұрқақ бар, оның 63-і қала меншігінде, ал 65-і жекенменшікте, деп хабарлайды шаһар әкімдігі.
“25 мамырға дейін Алматыдағы 60 коммуналдық субұрқақты іске қосылады Қазіргі кезде оның 16-сы қосылып тұр. Субұрқақтар сағат 09:00 мен 23:00 аралығында жұмыс істейді. Субұрқақтарда жөндеу, санитарлық тазарту мен тазалау жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады”, – деп жазылған мегаполис әкімдігі таратқан хабарламада.
Әрбір субұрқақта қауіпсіздік мақсатында шомылуға болмайтындығы туралы тақтайшалар орнатылған. Құрылымдардың ішінде электр жабдығы, суасты жарықтандыру құрылғысы, суасты сорғылар мен т.б. жабдықтар орналасқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу