Оқу мерзімі ұзарса да, оқушылар 25 мамырға жеткізбей оқулықтарын өткізіп тастады. Қазір мектепке қызық қуып, барып-келіп жүр. Мұны ата-аналар айтып отыр. Ал каникулға асыққан балаларға Үкімет сапалы демалысты ұйымдастыруға кіріскен. Әлихан Смайылов, әсіресе, ауылдағы оқушыларға ден қоюды тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Биыл қанша бала мұндай мүмкіндікке ие болады?
Министр Ғани Бейсембаев комиссияға дастархан жайып, сый ұсынатын директорларға да қатаң ескерту жасады. Бүгін, тіпті, осы бойынша Астананың іргесіндегі Қоянды ауылындағы нөмірі екінші мектепте тексеріс жүргізетінін айтты. Және соның нәтижесімен біздің арнада бөлісетін болады.
"Бұл бағытта, біріншіден, сall-центр арқылы 20 мектептен шағым түсті. Бұл жұмыс әрі қарай да жалғасады. Кез келген азамат немесе ата-ана сall-центрге жүгініп, жиналып жатқан ақша туралы хабар бере алады. Екіншіден, бұйрыққа бағынбай бұрынғы дәстүрді жалғастыра беретін мектеп басшылығы 10 айлық мөлшердегі айыппұл төлейтін болады", - деді ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.
Сондай-ақ министр соңғы қоңырауда мақтау қағазын беруге тыйым салынғаны туралы деген ақпаратты жоққа шығарды. Әдеттегі салтанатты жиын өтеді. Жалпы биыл 5 млн-нан астам оқушы мен тәрбиеленуші оқу жылын аяқтайды. Соның ішінде 2 млн 800 балаға тегін демалыс ұйымдастырылады. Сол үшін жергілікті бюджеттен 94 млрд теңге бағытталмақ. Жазда 2,8 млн оқушы мемлекет есебінен тегін демалады. Үкімет басшысы демалысты дұрыс әрі сапалы өткізуді тапсырды.
"Балалардың демалысын өткізу ісі көп жағдайда формалды түрде жүргізіледі. Әсерлі мағыналы ісшаралар аз. Көбіне сапасы сын көтермейді. Ауыл балалыран да қажетті деңгейде көңіл бөлінбейді. Бұл орайда әкімдіктер тарапынан тиісті жұмыстар жеткіліксіз екенін атап өту керек. 36,36 өңір әкімдіктері каникул кезінде оқушылардың музейге, театрларға, ұорықтарға, ұлттық парктер мен спорттық обьектілерге тегін баруын қамтамасыз ету қажет", - деді ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов.
Бұл мүмкіндікке ата ана қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы отбасыдан шыққан, мүмкіндігі шектеулі, экологиялық қолайсыз аймақта тұратын және үздік оқушылар ие болмақ. Олардың қауіпсіздігіне жергілікті органдар жауап береді. Сондай-ақ, әкімдер оқушылар демалыста жүргенде мектептің қауіпсіздік күшейтетін жабдықтарын орнатуы тиіс. Ал балалардың денсаулығын тексеру, тамақ сапасын бақылау Үкіметтің құзырында.