25 маусым – Халықаралық теңізшілер күні

224

Осыдан 10 жыл бұрын елімізде Қазақстан Республикасы порттарының теңіз әкімшілігі құрылды.  

25 маусым  – Халықаралық теңізшілер күні Фото: gov.kz

Қазір бұл мекеме Көлік министрлігі теміржол және су көлігі комитетінің бөлімшесі болып табылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Порттардың теңіз әкімшілігі теңіз порттарында кемелерді пайдалану саласындағы бақылау-қадағалау және атқарушы функциялармен айналысады. Қазіргі уақытта Қазақстанда түрлі тоннаждағы кемелерге қызмет көрсететін үш теңіз порты бар. Олардың қатарында Ақтау, Құрық және Баутино порттары бар.

2015 жылдан бастап порттардың теңіз әкімшілігі Халықаралық жүзу кезінде теңізшілерге шетелдік порттарда жағаға шығуға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін бере бастады. Ал 2020 жылдан бастап кәсіби дипломдар мен теңізшілердің шетелдік кәсіби дипломдарын тани бастады.

Жыл сайын бұл күн белгілі бір тақырыпқа арналады. Биыл теңізшілердің қауіпсіздігі ерекше назарда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу