Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға өнер жұлдыздары қомақты қаражат аударды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Үш жүздің басы қосылатын күн туды. Өйткені, су тасқыны бір елге емес, еліміздің түкпір-түкпіріне жетуде. Өнер адамдары: әнші, продюсер, ақын, журналистер, асабалар бәріміз бірігіп ашқан топ бүгін елмен бірге екенін айтып, ортаға түскен қаражатты қалай жеткізу қажетін ақылдастық. Әзірге 25 млн теңге жиналды. Алдағы уақытта зардап шеккен жұртпен жеке жүздесетін боламыз. Біздің көмегіміз теңізге түскен тамшыдай болса да, жүрегіміздегі жанашырлық сезімін осылай жеткізгіміз келді", - деп жазды әнші Роза Әлқожа.
Сондай-ақ, әнші ақша аударған әріптестерінің есімін атауды да жөн көрді.
"Олардың арасында Ерғали Әбдірайымов, Ердос Қанаев, Гүлзира Айдарбекова, Мақпал Жүнісова, Жеңіс Ысқақова, Сұлушаш Нұрмағамбетова, Өктем Алтаев, Елнұр Наурызбек, Мұқасан Шахзадаев, Өмірқұл Айниязов, Бауыржан Бекахметов, Мирас пен Құралай, Қуаныш пен Қарлығаш, Ерке Есмахан, Мөлдір Мұқанова, Мадина Сәдуақасова, Гүлнұр Оразымбетова, Арайлым Рахымқызы, Индира Елубаева, Үкітай Ерниязов, Кеңес Әлімжан, Мұхтар Ханзада, Айбек Қайбулла, Мәлік Жамбылұлы, Ақбота Сейтмағамбет, Анар Батырхан, Құдайберген Бекіш, Света Айтбаева, Бағым Мұхитденова, Садраддин, Бекжан Тұрыс, Ақбота Керімбекова, Досымжан Таңатаров, Саят Медеуов, Әбдіжаппар Әлқожа, Төреғали Төреәлі, Қайрат Нұртас, Нұрболат Абдуллин, Бибігүл Қилымхан, Әзімбек Байлин, Қажымұрат Шешенқұл, Бауыржан Тұрабаев бар", - деп жазды әнші.
Айта кетейік, қардың күрт еруінен еліміздің солтүстігі мен батыс өңірін су алып жатыр.