25 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды

119

Оңтүстік пен Оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде жел күшейіп, екпіні артады.

25 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды Фото: freepik.com

Еліміздің көптеген аймағында күн ашық болады деп күтілуде, алайда кей өңірлерде тұман мен көктайғақ сақталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашын күтілмейді. Бірақ атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің батысында ауа райы басқаша болады: мұнда жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.

Солтүстік пен Орталықта жауын-шашын болмағанымен, түнде және таңертең жолдарда көктайғақ сақталады.

Ауа райының жылынуы мен ылғалдылықтың әсерінен республика бойынша тұман түседі. Бұл көлік қозғалысына, әсіресе тасжолдардағы көріну деңгейіне әсер етуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу