25 өзбекстандық Қазақстаннан мәжбүрлеп шығарылды

1084

Көші-қон полициясы басқармасының мәліметінше, аталған азаматтар сот шешімі бойынша елден өз бетімен кетуге тиіс еді. 

25 өзбекстандық Қазақстаннан мәжбүрлеп шығарылды

Алматыда өткен "Келімсек" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы барысында шаһарда заңсыз жүрген 25 Өзбекстан азаматы анықталды, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі polisia.kz-ға сілтеме жасап. 

Көші-қон полициясы басқармасының мәліметінше, аталған азаматтар сот шешімі бойынша Қазақстаннан өз бетімен кетуі тиіс болған. Алайда олар талаптарды орындамай, елімізде заңсыз жүрген. 

"15-19 ақпан аралығында Алматы қаласында "Келімсек" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Бұл шараның мақсаты – бұрын сот шешімімен елден шығарылған шетелдіктердің қайда екенін анықтау және олардың өз елдеріне оралуын қамтамасыз ету. Жедел-алдын алу шарасының үш күнінде көші-қон қызметі қызметкерлері елімізде заңсыз жүрген Өзбекстанның 25 азаматын анықтады, олар бүгін автобусқа отырғызылып, шекараға жіберілді. Сондай-ақ, Өзбекстан консулдығымен бірге олардың арасындағы жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ азаматтар анықталды", – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бөлім бастығы Манас Абуов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу