25 сот төрағасы мен судьяны қызметінен босату туралы ұсыным қабылдады

1421

Судьялардың бос орындарына 46 кандидат ұсынылды.

25 сот төрағасы мен судьяны қызметінен босату туралы ұсыным қабылдады

Жоғарғы сот кеңесі соттардың 25 төрағасы мен судьясын қызметінен босату туралы ұсыным қабылдады, деп хабарлайды ведомство аппараты.

Ұсынымдар Кеңестің өткен аптада өткен отырысында берілген.

"Отырыста Кеңес бос судья лауазымдарына орналасуға жарияланған конкурстың қорытындысын шығарды, тиісті судьялардың бос орындарына 46 кандидат ұсынылды.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы соттарының 25 төрағасы мен судьясын түрлі себептермен қызметінен босату туралы ұсынымдар қабылданды",– делінген хабарламада.

Сондай-ақ Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия мен Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің шешіміне 11 судьяның шағымы қаралған. Нәтижесінде бір судьяның шағымы қанағаттандырылып, аталған органдардың 10 судьяға қатысты шешімі өз күшінде қалдырылды.

"Жоғары Сот Кеңесі 26 жергілікті соттың штат құрылымын өзгертуге, зейнеткерлік жасқа толған екі судьяның қызметінде болу мерзімін ұзартуға келісім берді",– делінген хабарламада.

Жоғары Сот Кеңесі ұсыным берген кандидаттардың тізімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу