"25 түйіншек табылды": Оралда есірткі сатқан 2 студент қыз қамауға алынды

71

Тергеу мәліметінше, күдіктілер қылмысты бірлесіп жасаған және осылайша жеңіл табыс табуды көздеген.    

"25 түйіншек табылды": Оралда есірткі сатқан 2 студент қыз қамауға алынды Фото: polisia.kz

Оралда есірткі саудасымен айналысқан студенттер анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Орал қаласындағы колледждердің бірінде оқитын 2 студент қызды ұстады.

Жеке тексеру кезінде қыздардың бірінің сырт киімінің қалтасынан полиэтилен пакетке оралған ақ ұнтақ зат салынған 25 түйіншек табылып, тәркіленді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сараптамалар тағайындалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу